Қорытынды аттестация

Logo Cambridge

Қорытынды аттестация

 

         Сыртқы жиынтық бағалау – (қорытынды атттестация) оқушылардың сыртқы жиынтық бағалау моделіне сәйкес бастауыш, орта, жоғарғы сыныптардың соңында, қажетті білім деңгейлері мен дағдыларының қалыптасуын анықтайтын мектептен тыс құрастырылған  бағалау.

         Бастауыш сынып оқушыларының сыртқы  жиынтық бағалауы  Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделіне сәйкес орындалған және оқушылардың  жетістіктерінің сыртқы  жиынтық бағалау моделі Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесімен  бірлесе құрастырылған.

         Жалпы білім беретін пәндердің бесеуі бойынша (Ана тілі (қазақ/орыс), кіріктірілген екінші тіл мен әдебиет, Ағылшын тілі, Математика және Қазақстан тарихы) және таңдау бойынша  1 пәннен (Физика, Химия, Биология және Информатика) орта сынып оқушылары емтихан тапсырады.

         Жалпы білім беретін пәндердің үшеуі бойынша (Математика, Қазіргі әлемдегі Қазақстан және Ағылшын тілі) және таңдау бойынша 4 пәннің 2-нен (Физика, Химия, Биология және Информатика) емтихан тапсырады.