Үш тілділік

ҮШ ТІЛДІЛІК

 

         Бүгінгі таңда бірнеше тілді білудің қаншалықты қажет екені айтпаса да анық. Бірақ өзге тілді оқыту өз тілімізге зиянын тигізбеуі керек. Осы мәселе ескеріліп, мектептерде көптілді оқытуға қатысты әлемдік озық үлгілер зерделеніп жатыр.

         Қазақ тілі – бұл мемлекеттік тіл, еліміздің ұлттық бірлігінің тілі, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – заман талабынан туындайтын ақпарат алу тілі, өйткені әлемдегі ғылымға қатысты барша жаңалық ең бірінші кезекте осы ағылшын тілінде жарық көреді немесе жеткізіледі.

          Білім берудегі көптілді ортаны қалыптастыру үшін тілдік пәндердің мазмұнын, оқыту технологиясы, әдістері мен тәсілдерін толық қайта қарастырылды. Мысалы, тілдік құзыреттіліктің барлық аспектілерін бағалауға негізделген ағылшын тілін деңгейлеп оқыту жүйесі оқушыларды алға қойған мақсаттарына жету үшін ынталандырады.

          Елбасымыздың үштілділік бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның жағдайында айырықша маңызға ие. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйретудің эксперименттік бағдарламалары жасалып, нәтижеге жеткізетін коммуникативтік әдістерге баса назар аударылып отыр. Әрбір бағдарлама бойынша барлық сыныптарға эксперимент күнделігі жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі оқу жылы бағдарламаларына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп отырады.