Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

         «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы- Қазақстан Республикасының тәрбие жұмысының қазіргі заманғы әдістемелік негізі, өскелең ұрпақтың азаматтық құндылықтарының жүйесі. Бұл түсінікте азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқыту және білім беруге сенімді көзқарас, зайырлы мемлекет толерантты құндылық негіздерінің мәні бар.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделіп мектебіміздің мақсат- міндеттері ұлттық идея құндылықтарымен сабақтастырылған.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Отанына адал, жоғары мәдениетті, бәсекелес ортада табысты жұмыс жасауға қабілетті, және азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлға бойында шығармашыл үндестікті дамытып, жоғары моральды тұлға қалыптастыру.

         Тәрбие жұмысы «Мәңгілік ел» ұлттық идея құндылықтарына негізделген. Осы құндылықтарды насихаттау – тәрбие және        «Мәңгілік ел» ұлттық идея құндылықтарының негізгі бағыттарын интеграциялау арқылы жүргізілді:
1. Патриоттық тәрбие – «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы»
2. Интеллектуалдық тәрбие – «Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы»
3. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – «Зайырлы қоғам және жоғары руханият»
4. Психологиялық және салауатты өмір салтын тәрбиелеу – «жалпыға ортақ еңбек қоғамы»
5. Алуан мәдениетті дамыту – «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім»
6. Қөшбасшылық қабілеттерін дамыту– «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім»
7. Көркем-эстетикалық тәрбие – «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы »

         Мектеп құндылықтары: өзіне және қоршаған ортаға сыйластық, ынтымақтастық,жауапты азаматтық ұстаным,академиялық әділдік, өмір бойы білім алу,ашықтық құндылықтарын оқушы бойында дамыту да тәрбие жұмысы басымдығы болып саналады.
Мектеп құндылықтары өз мақсаттары мен мақсаттарына қол жеткізу білімді қолдану үшін, білім беруді табысты дамыту үшін, болашақта өз еңбегін нарықта, қоғамда бәсекеге қабілеттілігін артыруды насихаттауға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған

         Мектеп құндылықтары жүзеге асырылады:
– сабақ арқылы;
– тәрбие жұмысы арқылы;
– мектептен өмірінен тыс уақытта.