Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім беру бағдарламасы A-Level халықаралық біліктілігімен салыстырмалы деп танылды.

Беделді британдық орган - Ұлыбританияның білім туралы куәліктерді тану ұлттық ақпараттық орталығы UK NARIC (National Recognition Information Centre) General Certificate of Education A-Level (GCE A-Level) деңгейіне сәйкес Зияткерлік мектептер бағдарламасын мойындады.

GCE A-Level бағдарламасын әлемнің барлық жоғары оқу орындары мойындайды. Аталған бағдарламалардың түлектері жоғары оқу орындарына қосымша түсу емтихандарынсыз және Foundation университет алдындағы даярлық курсынан өтпей түсу мүмкіндігіне ие. 

12-сынып бітірушісінің сертификатын және NIS Programme біліктілігін тану туралы толығырақ мына жерден қараңыз: информация по признанию

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ стратегиялық серіктестері