Зияткерлік мектептегі Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаты білім беру ұйымында оның ережеде көзделген міндеттерін жүзеге асыруына, сондай-ақ материалдық базаны нығайту және білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін қосымша қаржы ресурстарын тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қолдауымен мектеп аумағын абаттандыру, оқушылардың жобаларын қаржыландыру мен тренингтер ұйымдастыру, материалдық-техникалық құралдарды жаңарту бойынша жұмыстар атқарылады.
Жылына екі рет Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің даму жоспарында көзделген стратегиялық мәселелерді талқылау және іске асыру бойынша кездесу өткізеді.