Ата - аналар университеті - бұл ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің байланысын нығайтуға мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіретін және Зияткерлік мектеп оқушыларын тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жобасы.

Университеттің мақсаты: ата-аналардың саналығын дамыту және ақпараттандыру, ойлау мен мінез-құлықты өзгерту, балалармен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру арқылы жауапты ата-ана ұстанымы мен оң ата-ана болу дағдыларын қалыптастыру.