МҰҒАЛІМДЕР ҚҰРАМЫНАН ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мұндай бастаманы оқу орынның тарих пәні мұғалімдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан кейін ұсынды. Биыл елімізде Жастар жылы, хәкім Абайдың 175 жылдығы мен қатар Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтіледі. Сондай-ақ мемлекет басшысы әлеуметтік саланы жаңғыртуда ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру, қазақстандықтардың бойында патриотизм қасиеттерін кеңінен дәріптеу үшін келер жылды Еріктілер жылы ретінде белгіледі.
«Мемлекет басшысының әрбір жолдауы адами капиталдың негізгі құндылықтарына арналады. Елдегі жасалып жатқан әрбір реформалар қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, олардың бейбіт елдегі бірлігін сақтауға бағытталғанын көріп отырмыз. Сондықтан біздер, педагогтар өскелең жас ұрпақтың саналы, білімді болуын қаласақ әуелі өзімізден бастауымыз керек. Мектебіміздегі оқушылар негізін қалаған «Ықылас» еріктілер клубына қолдау ретінде мұғалімдер құрамынан еріктілер тобын құруды ұсынамын», – деді тарих пәнінің мұғалімі Айтолқын Төлешова.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халықына жолдауын Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да тыңдады. Олар жолдауда көрсетілген мінеттерді кезекті педагогикалық мәжілісте талқыға салды. Қоғамдық пәндер бірлестігінің ұстаздары жолдаудағы басымдықтарға тоқталып әріпстерге стратегиялық құжаттың мән-жайын түсіндірді.