ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА АБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

“Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!”. Осындай тақырыпта Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ұстаздар арасындағы Абай оқулары байқауы өткізілді. Шараға мектептегі пән бірлестіктері, қосымша білім беру педагогтары, жатақхана тәрбиешілері мен оқушылар тәлімгерлері қатысты. Байқау шартына сәйкес қатысушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтудан сынға түсіп, ақынның шығармашылығын негізге алып өз өнерлерін көрсетті. Абай оқуларының қорытындысы бойынша ІІІ орынды хор үйірмесінің жетекшісі Райымбек Нұрымбетов, тарих пәні мұғалімі Еркебұлан Тумин және математика пәні мұғалімі Рахметуллина Назгүл иеленді. Жүлделі ІІ орын мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әідғалиева Жанар мен психолог Салтанат Құбайдоллаға бұйырды. І орын жеңімпазы болып мектеп жанындағы жатақхана тәрбиешісі Жанар Исламқызына бұйырса, Бас жүлдені мектеп тәлімгері Құмарова Гаухар қанжығасына байлады. Көрнекті ақын Абайдың 175 жылдық мерей тойы аясында мұндай шаралар әлі де жалғасын таппақ.