ТҮЛЕКТЕРДЕН РАУШАН ГҮЛДЕР

Оқу жылның аяқталуына санаулы күндер қалды. Түлектердің мектеппен қоштасар күні де алыс емес. Олар мектепті бітірсе де артында ерекше естеліктер қалатыны белгілі. Солардың бірі олардың өз қолымен отырғызылған раушан гүлдері. Бүгін мектепті бітіретін 68 түлек оқу орынға ерекше тарту сыйлады. Олар Назарбаев Зияткерлік мектебінің кіре-берісіне әсемдік сыйлайтын раушан гүлдерді отырғызды. Бұл күні 140-тан астам раушан гүлі жерге отырғызылып мектеп қауымдастығына тарту етілді.