«АБАЙ ӘЛЕМІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ

Қазақтың данышпан дана ақыны, ұлы гуманист Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты ғылыми–танымдық жобасының ашылуына арналған мектебімізде салтанатты жиын өтті.
Бұл жоба 14 ақпан пен 14 сәуір аралығында өтеді. 
Жоба мақсаты: ұлтымыздың рухани дүниесіндегі шоқтығы биік қайталанбас дара туындылар болып табылатын қазақтың аса көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту және насихаттау.
Жоба бағдарламасы:
 «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» – креативті жазба байқауы;
 «Абай тәлімі» – оқырмандар фестивалі;
 «Абай – дана, Абай – дара» – жыр мүшайрасы;
 «Абай тағылымдары» – кіріктірілген сабақтар фестивалі;
 «Жас абайтанушы» – жобалар сайысы;
 «Сен де бір кірпіш дүниеге…» – өңірдегі интернат/жатақханасы бар орта білім мектептерінің интернат/жатақхана меңгерушілері мен тәрбиешілеріне арналған семинар;
 «Абай әлеміне саяхат» – облыстық бейнебаян байқауы;
 «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» – қойылым.