Пилоттық мектептер

         ҚР Президенті Н. Назарбаев Зияткерлік мектептердің басты мақсаты бәсекелесуге қабілетті түлектерді дайындап ғана қоймай, барлықтары үшін сапалы орта білімге бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуде, өз тәжірибесін тарату арқылы Қазақстанның орта білім жүйесін дамыту болатындығын айтты.

         Қойылған мақсаттарға сәйкес тәжірибе тарату келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • 1-бағыт – облыстық жалпы білім беретін мектептерге тәжірибе тарату (кіріктірілген білім бағдарламасы мен деңгейлік курстар бағдарламасы құрамының аясында)
  • 2-бағыт – облыстың пилоттық мектептерінде білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялауға көрсетілетін әдістемелік қолдау (республика бойынша 30 пилоттық мектеп анықталды, Атырау облысы бойынша эксперимент режимінде 2 мектеп жұмыс жасайды: Атырау қ. №17 мектеп-лицей және Исатай ауданының Тұшықұдық ауылындағы Ж. Мырзағалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп).

            Пилоттық мектептерде орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша  әдістемелік көмек көрсету үшін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің шығармашылық тобының пилоттық мектептермен кездесуі және пилоттық мектептердің мұғалімдерінің НЗМ-де кездесулері ұдайы ұйымдастырылады.

Ж. Мырзағалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату барысындағы көріністер

Атырау қаласындағы пилоттық № 17 мектеп-лицейіне Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату барысындағы көріністер