«ҮШ ІЗГІ ІС»: ИЕСІЗ ҚАЛҒАН ЖАНУАРЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дәстүрлі «Үш ізгі іс» қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Бұған дейін зияткерлер Атырау облыстық балалар оңалту орталығына барса, енді иесіз қалған жануарларға қамқор болуда. Оқушылар “Мейірімді жүрек” қоғамдық бірлестігінің қарауындағы иесіз жануарлардың орталығында болды. Жүзден астам ит пен мысықтың тұрғылықты мекеніне айналған орталыққа Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бір жолғы азықпен көмектесті. Қайырымдылық акцияда оқушылар тазалық жұмыстарын ұйымдастырып жануарлар үйінің еріктілеріне қолдау білдірді.