Жазғы мектеп

 «Жазғы мектеп» жобасы

 

         «Жазғы мектеп» бағдарламасы – оқушылардың академиялық мүмкіндігін, жобалық зерттеу қызметі дағдыларын дамытуға, шығармашылық іс-әрекетін қолдауға, қоғам өміріне бейімделуіне, салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақытта мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыруға жағдай жасауға бағытталған қосымша білім берудің оқу бағдарламасы.

         Жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің барлық филиалдарында негізгі оқу жылы аяқталған соң маусым айында жүзеге асады. Жобаға қатысу арқылы оқушы өзінің жыл бойы оқыған білімін іс-тәжірибеде шыңдайды. Оқудағы әлсіз тұстарын жетілдіру арқылы өзінің жекелей потенциалын шыңдауға мүмкіндік алады. «Жазғы мектепке» қатысу барлық оқушыларға міндеттеледі. Жоба аясында әлеуметтік тәжірибелер, маңызды кездесулер өткізіледі.

         2016 жылдан бастап жобаның ақылы негіздегі қызмет көрсету түрлері жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде бала мен ата-ананың талап, тілегіне орай ұсынылады.

 

«Жазғы мектеп» жобасының ресми сайты: http://summerschool.nis.edu.kz