Қосымша курстар

Қосымша курстар мен пайдалы ресурстар

 

         Білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және Зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігіне қол жеткізу үшін 2012 жылы балаларды қолдау жөнінде арнаулы іс-шаралар өткізілді. Елімізде және шетелде физика, математика, химия, биология, сондай-ақ ағылшын тілі (тілдік курстар) бойынша элективті курстарды ұйымдастыру солардың біреуі болып табылады. Элективті курстар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2010 жылдан бастап енгізілген.

         Олимпиадаларда, жарыстарда, ғылыми жобаларда жетістіктері бар оқушылар, оқуда оң серпін көрсеткен оқушылар шетелдік және отандық оқу орындарындағы элективті курстарда пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігіне ие болды.

         Элективті курстарды таңдау кезінде өзектілігі және оқушылар үшін жаңашылдығы деңгейіне, дәлелденген және дамыған әлеуетіне назар аударылды. Бағдарламалардың мазмұны оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, эмоционалдық дамуына ықпал етеді, белсенді оқу әдістерін кеңінен пайдалануды, заманауи білім беру технологияларына бағдарлануды пайымдайды.

Элективті курстар мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

–       оқушының өзін-өзі анықтауына және одан әрі кәсіби қызметін таңдауына ықпал етеді;

–       жоспарланып отырған бейінде оқытудың жағымды уәждемесін жасауға;

–       оқушыларды осы бейін үшін жетекші қызмет түрлерімен таныстыру;

–       оқушылардың танымдық қызметін жандандыру;

–       оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.