Психо-педагогикалық қолдау

Психологиялық қызметінің қолдауы

         Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологиялық қызметінің басты мақсаты – даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

         Психологиялық қызметтің міндеттері:

          Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін- өзі дамыту қабілетін қалыптастыру Білім алушылардың тұлғасын психологиялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету

         Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.  Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру

          Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата- аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету

           Білім алушыларды психологиялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қам Баланың психологиялық проблемаларын шешуде ата-аналар мен білім беру ұйымдары мамандарының қарым-қатынасын қамтамасыз ету; тамасыз ету

         Педагогикалық процесте жеке тұлғаны психологиялық қолдау мақсатымен  ескерту-алдын алу және  психотерапевтік шараларын өткізу;

 Дарынды оқушының шығармашыл әлеуетін барынша дамыту әрекетін жалғастыру;

         Баланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде көмек (қолдау), оқыту, оқу қиындықтарын,  кәсіби білім алу бағытын таңдау проблемаларын әлеуметтендіру.

Психологиялық қызмет жұмысының бағыттары:

  • Психодиагностикалық бағыт
  • Консультациялық бағыт
  • Ағартушылық – профилактикалық бағыт
  • Түзету – дамытушылық бағыт