Әлеуметтік жобалар

         Зияткерлік мектептердің жазғы демалыс уақытында белгіленген жоспар бойынша оқушылардың ғылыми-танымдық әлеуетін арттыру үшін бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. «10 күн ата-ана жұмысында», «Баланы жұмысқа жетеле», «Екі апта ауылда» сынды жобалар оқушылардың еңбек, нарық, кәсіптік бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруды меңзейді. «10 күн ата-ана жұмысында» жобасы оқушыға ата-ананың қызметін таныстыруды, еңбек ақының қалай келетіні жөніндегі мардымды ақпарат беруді көздейді. «Екі апта ауылда» әлеуметтік жобасы шалғайдағы елді-мекендердің тыныс-тіршілігін, ауыл өмірін оқушыға жақын таныстыруға арналған. Екі апта бойы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қала өмірінен бөлек ауыл тірлігін бастан өткізіп, ондағы проблемалар мен перспективалар туралы өз еңбектерін дайындап жаңа оқу жылында замандастарына ұсынады.