Кәсіби бағдар

Кәсіби бағдар беру

 

         Кәсіби бағдар беру – барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінің жұмысындағы маңызды мәселенің бірі болып табылады және ол педагогикалық және психологиялық ұжымдар мен білім беру басқармасы органдарының қызмет аясына кіреді. Кәсіпті дұрыс таңдау және оны игеру деңгейі адамның өмір сүру жолына әсер етеді. Сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың тілек-талаптарына, бейімділігіне сәйкес, олардың болашақтағы кәсіби қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың өз кәсібін таңдау үрдісін оңтайландыруға бағытталған, психолого-педагогикалық шаралар кешенін ұсынады. Барлық оқушылар және ата-аналар мектептің кәсіби бағдар берушісінің қызметін пайдалана алады.