ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТ – АНАҒА ҚҰРМЕТ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінде болды. Аймақта 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықты қазір балаларымен 4 ана паналап отыр. Олардың барлығының арманы бір – отбасында бақытты әйел, сүйікті жар болу. Өмірлік қиын жағдайда тап болған аналар үшін мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат тұтқан зияткерлік мектептің оқушылары әдемі тілектерді жеткізіп, гүл шоқтарын сыйға тартты. Қоғамға қызмет бағытындағы әлеуметтік шарада оқушылар орталықтың жұмысы жайында толығырақ танысты.