ШАЛҚАР АҒЫМҒАЛИЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ САҒАТЫ

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бейбіт елдің тыныштығын күзеткен, адам өмірін өз өмірінің құнымен құтқаруға бел буатын қорғаныс саласының қызметкерлері қашан да ұлықтауға лайық. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевты еске алуға арналған тәрбие сағаты өтті. 21 наурыз күні қаладағы орталық көпірден суға секірген бойжеткенді құтқарамын деп ажал құшқан полицей тірі болса, 25-ке толар еді. Отбасының жалғыз асыраушысы, үйленіп шаңырақ көтеруге де үлгермеген қазақтың қайсар батыры көптің жүргені де із қалдырды. Ерліктің жасампаз үлгісін паш еткен полицейдің рухына Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүрекжарды өлең жолдарын арнап, шараға арнайы келген марқұмның анасы Ләззат Мәженқызына қолдау көрсетті.