ЕРІКТІЛЕР АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА

Қыстың соңғы аптасын Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Ықылас” еріктілер клубының мүшелері облыстық балалар ауруxанасына сапар шегумен бастады. Қайырымдылық шарасы аясында оқушылар балалармен ойын ойнап, шеберлік сынып ұйымдастырып, көңілді флешмоб биледі. Сонымен қатар, балалар еріктілердің дайындаған ертегі көрінісің тамашалады. Ерікті жастар Нұр Отан партиясының сыйлықтарын жеткізіп, ата-аналар мен ауруxана жұмысшыларының алғысына оранды. Бұл еріктілердің ауруxана балаларымен соңғы кездесуі емес. Осы жолы оқушылар неврология бөлімшесінде болса, алдағы уақытта басқа да бөлімшелерге баруды мақсат етіп отыр.