ҰНАТҚАН КІТАБЫҢДЫ СЫЙҒА АЛ!

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған “Кітап әлемді бағындырады” акциясы өз мәресіне жетті. Бір ай бұрын басталған оқырмандар шарасына мектептің жүздеген оқушылары мен ұстаздары қатысты. Аталған шара 2-cәyip Халықаралық балаларға арналған кітап күні және 23-cәyip Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күндеріне орайластырылған. «Кітап әлемді бағындырады» атты оқырмандар акциясы жыл сайын дәстүрге айналған жоба. Мұнда мектеп мұғалімдері мен оқушылар бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйға тарту арқылы керемет көңіл күйге бөленді.