ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ ОРДАСЫМЕН ҚОШТАСТЫ

Аяулы алтын ұяда алты жыл білім алған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары білім ордасымен қоштасты. Мектеп бітірушілер кешіне арналған салтанатты жиынға түлектер, ата-аналар және білім бірген ұстаздар қауымы жиналды. Дарынды жастарды мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев құттықтап, шәкірттерге үлкен өмірде ақ жол тіледі. Биыл өз тарихында төртінші рет түлектерді сапарға аттандырып отырған Назарбаев Зияткерлік мектебінде үш Алтын белгі және елуден астам үздік үлгідегі аттестат иелері бар. 12 жыл үздік білім алғандар қатарында Қуаныш Жалғасбаев, Меруерт Сатқан және Александра Сущенко бар.