КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Виртуалдық және Каникулярлық мектеп жобаларынан сәтті өткен бір топ оқушыларға арнаулы сертификаттар табысталды. Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушыларды қолдау мақсатында өткен жобаға биыл 150-ден астам үміткер тіркелді. Олардың арасында белгіленген тапсырманы сәтті орындап Каникулярлық мектепке жолдама алғандардың жалпы саны 60-тан асады. Өңірдегі білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушылары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар алды. Балалар зияткерлік білім ордасымен жақын танысып, білім деңгейін едәуір арттырды.