ЖЕЛІНІ ҚАРАУ ЖӘНЕ ЛАЙКТЕР БАСУ

Атыраулық оқушылар зейнеткерлерге бүкіләлемдік ғаламтор жүйесін пайдалануды үйретті. Мұндай бастама еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өтіп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының аясында қолға алынды. Есеп бойынша бесінші кездесуде зияткерлік мектептің оқушылары жоба қатысушыларына SMM-тің мүмкіндіктері жөнінде баяндап кейін іс-тәжірибе негізінде желіні қолданудың амалдарын көрсетті. Қариялардың бірі алғаш рет бұл күні ғаламторжүйесіне кірді. Олар танымал әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып бір-бірін “достыққа” қабылдады. Информатика пәні бойынша сабақ аяқталған соң қатысушылар би үйірмесіне барды. Мұнда олар бал кешіне арналған бидің түрімен танысып жастық шақты еске түсірді.