ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ ОРДАСЫ ТІЛДЕР КҮНІН АТАДЫ

Бүгін – Қазақстан халқының тілдері күні. Өткен жылы ҚР премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев “Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы” үкіметтің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Ал еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Айтулы мереке орай мектеміздің оқушылары да мемлекеттік тілге деген құрметтерін білдірді. Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың өлеңдері оқып, оның мұраларынан мысалдар келтірді. Ал мектебіміздің қуыршақ театры орыс жазушыларының бірегей шығармаларынан үзіділер ұсынды.