ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПКЕ ЕКІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ ЕНГІЗІЛДІ

Облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екінші халықаралық шет тілі ретінде француз тілін оқыту енгізілді. Бір жарым жылдан бері оқытылып келе жатқан француз тілінің алғашқы нәтижелері бүгін көктем мерекесі қарсаңында оқушылардың әзірлеген «Notre Dame de Paris» қойылымымен таныстырылды. Екі ғасырға жуық тарихы бар әлемдік шедеврдің кейіпкерлеріне атыраулық оқушылар қайта жан бітірді. Қосымша орыс тілімен аударылып ұсынылған «Notre Dame de Paris» мюзиклі таза француз тілінде ұсынылды. Мектептің актер шеберлігі үйірмесінің жұмысына тәнті болған меймандар арасында Атыраудағы шетелдік (француз) компанияларда қызмет ететін қонақтар да бар. Олар бүгін көрермендерді мерекемен құттықтап, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына табыс тіледі.