7-10 қазан күндері Абу-Даби қаласында ағылшын тілінен халықаралық «Owlypia Global» командалық жарысы өтті. Әлемнің Әзірбайжан, Түркия, Индонезия, Татарстан, Танзания, Занзибар, Босния, Қырғызстан, Филиппины, Румыния сынды елдерінен жалпы саны 68 команда қатысқан жарысқа Атыраудағы NIS-тен 3 командаға біріккен 9 оқушы қатысқан болатын.

Қуантарлығы сол, барлық оқушыларымыз жүлдемен оралды. Анығында, жеке номинацияда 8 сынып оқушылары Ерлан Ерасыл қола, Ғалия Мәлік күміс алды. Ал, 8 сынып оқушысы Ақбота Шавалиева, 10 сынып оқушылары Амина Бакирова, Яссауи Уалихан, Ролан Ахмет, Айзере Утегенова, Жанұя Жарас, Жанерке Ерболатовалар алтын қанжығалады.
 
Ал, командалык номинацияда 8 сынып командасы қола еншілесе, 10 сыныптың 2 командасы алтын алды.

«Ең мықты команда» номинациясында 3-орынды 10 сынып оқушыларынан құрылған Rising Stars (Айзере Утегенова, Йассауи Уалихан, Амина Бакирова) командасы, ал жүлделі 2-орынды 10 сынып оқушыларынан құрылған Social Cats (Жанұя Жарас, Жанерке Ерболатова, Ролан Ахмет) командасы иеленді. 10-сынып оқушылары өздерін осы додаға жетелеп апарған ұстаздары Атыраудағы NIS-тің ағылшын тілі пәнінің эксперт ұстазы Күмісай Хасанова екендігін жеткізді.
 
Жалпы командалық есепте Қазақстандықтар 16 ел арасынан Филиппиндіктерден кейінгі боп, 2-орынға табан тіреді.
Айта кету керек, Local Round Атырауда алдыңғы жылы өтіп, онда еліміздің Батыс аймағы оқушылары арасынан біздің команда озық шығып, алтын алып, Global Round-қа жолдама алған еді.
 
Абу-Дабиде өткен Global Round-қа оқушыларды Атыраудағы NIS-тің ағылшын тілі пәнінің эксперт ұстазы Күмісай Хасанова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алтынай Қаратаева алып барды. Жүлделі оқушыларды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!