Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
Салтанатты шара барысында көрермендерге Мемлекеттік рәміздеріміздің қадір-қасиеті турасында сөз қозғалып, шығу тарихы да тілге тиек етілді. Мемлекеттік рәміздер - біздің ұлт ретіндегі басты байлықтарымыздың бірегейі. Сондықтан, оған деген құрметіміз де тым асқақ, биік болуы - баршамыз үшін басты міндет.
Шарада патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, әсем би биленді. Мектебіміздің жас сарбаздары түрлі әскери оқу-жаттығу жұмыстары үлгісін көрсетіп, шара көрігін қыздыра түсті. Туымыз мәңгі көкте желбіресін! Әнұранымыз лайым асқақ, Елтаңбамыз айбынды қалпынан танбасын!