Жуырда Атыраудағы NIS-тің 7 және 9-сынып оқушыларынан құрылған 4 команда халықаралық Owlypia Intellectual Challenge байқауына қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Ойлау, интеллектті дамытуға арналған тек ағылшын тіліндегі сайысқа NIS, BIL, Silk way school командаларынан 200 бала қатысқан еді. Олар ораторлық өнер, дебат, викториналық сұрақтар бойынша сынға түсті.
NIS оқушылары 12-14 жас аралығындағы екінші жас санатына қатысты. Барлық кезеңде де белсенділік танытқан олар жекелей медальдармен, сондай-ақ, командалық есепте екінші және үшінші орын кубоктарымен марапатталды.
Анығында, «командалық есепте»:
2-орын кубогын Rising stars тобы (Уәлихан Яссауи, Айзере Өтегенова, Амина Бакирова);
3-орын кубогын «Social cats» (Ахметов Ролан, Жанерке Ерболатова, Жарас Жанұя) иеленді.
Ал, жеке байқаудан Ерлан Ерасыл – қола, Дана Куанышқали, Айару Мақсот – күміс, Ақбота Шавалиева, Жанерке Ерболатова, Уалихан Яссауи, Ғалия Мәлік, Жарас Жанұя, Малика Жакенова, Ролан Ахметов, Айзере Утегенова, Амина Бакировалар алтын медальды иеленді.
Сондай-ақ, күміс медаль алған оқушылар арасындағы үздік қатысушы ретінде Айзере Өтегенова, ал қола медаль алған оқушылар арасындағы үздік қатысушы болып Уәлихан Яссауи марапатталды.
Осылайша, барлық қатысушылар финалдық кезеңге қатысуға жолдама алды. Енді 12 оқушы аталған сайыстың соңғы кезеңіне қатысу үшін Бостон, Кембридж немесе Дубай қалаларының біріне бару мүмкіндігіне ие. Айта кету керек, оқушыларды сайысқа Атыраудағы NIS-тің ағылшын тілі мұғалімдері дайындады.