Атырау қаласындағы NIS грузиялық Aia-Gess мектеп-гимназиясымен онлайн-кездесу өткізді. Зияткерлік мектеп директоры Ерали Бижанов пен Aia-Gess мектебі басшысы Русудан Болквадзе бірлескен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
 
Ерали Бижанов грузиялық әріптестеріне NIS-Programme білім беру бағдарламасының ерекшеліктері туралы айтып, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті:
 
– NIS-Programme жаһандық білім беру кеңістігінде танылған жоба. Біздің түлектер әлемнің беделді жоғары оқу орындарында оқиды. Зияткерлік мектептер жүйесі әрқашан оқыту процесін жақсартуға жұмыс жасайды. Біз грузиялық оқыту тәжірибесімен танысуға қызығушылық білдіреміз.
Келіссөздер барысында 11-сынып оқушылары арасында TED'x кездесуін өткізу, сондай-ақ химия, физика, биология және математика бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
 
– Біздің мектептеріміз достасып, қызықты жобалар көп болады деп үміттенемін. Айта кету керек, Aia-Gess мектебінің бағдары мен құндылықтары Зияткерлік мектептер желісіне ұқсас. Сіздердің тәжірибелеріңіз бізге өте пайдалы болатынына сенімдімін, – деді кездесуді қорытындылаған Aia-Gess мектебінің директоры Русудан Болквадзе.
 
Екі ел мектептерінің кезекті кездесуі келер жылы дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарланды.