Атыраудағы NIS ұйымдастырған NIS-open сайысының басты мақсаты – облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінде оқитын 6-сынып оқушыларына NIS туралы түсінік беріп, мектеп ішін, өмірін таныстыру, әрі , жас математиктер арасынан ең үздіктерін анықтау болатын.

134 оқушы тым күрделі есептердің дәл жауабын табуға тырысты. Нәтижесінде, ең жоғары ұпай жинаған 3 оқушы жүлделі бірінші орынды иеленді. Олар: Исатай ауданындағы Новобогат орта мектебінен Нұрхан Өтепқали, Мырзағалиев орта мектебінен Данил Еркінұлы, сондай-ақ, Атырау қаласындағы «Тағылым» мектебінен Темирлан Сейдахметов. Жеңімпаздарға мектеп директорының тілегі жазылған кітап пен дипломдар табысталды.