Желілік олимпиадаға Атыраудағы NIS атынан қатысып, жүлделі орындар иеленген оқушылардың есімдері белгілі болды. Білім бәйгесінің жабылу салтанатында жеңімпаздар есімі ұлықталып, жария етілді.
Сонымен, Атыраудағы NIS білімділерінің есімдерімен таныс болыңыздар!
1-орын:
Айсұлу Таңатар – ағылшын тілі пәні;
Елназ Сабыр – ағылшын тілі пәні.
Елназ Сабыр – ағылшын тілі пәні.
2-орын:
Синдера Жульен – қазақ тілі пәні;
Ақбота Досан – биология пәні;
Аяулым Талғатқызы – қазақ тілі мен әдебиеті;
Ақбота Досан – биология пәні;
Аяулым Талғатқызы – қазақ тілі мен әдебиеті;
3-орын:
Бекет Айбар – «Қазақстан тарихы» пәні;
София аманжан – ағылшын тілі пәні;
Аида Қалиасқарова – қазақ тілі мен әдебиеті;
Ғалымжан Аяпберген – информатика;
Аяулым Ахмет – орыс тілі пәні;
Искандер Икалиев – ағылшын тілі пәні.
София аманжан – ағылшын тілі пәні;
Аида Қалиасқарова – қазақ тілі мен әдебиеті;
Ғалымжан Аяпберген – информатика;
Аяулым Ахмет – орыс тілі пәні;
Искандер Икалиев – ағылшын тілі пәні.
Атыраудағы NIS-тен желілік пәндік олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 18 оқушы қатысып, бақ сынады. 12-сынып оқушысы Аида Қалиасқарова білім додасына қазақ тілі пәнінен 2-рет қатысуда.
– Өткен жылы 2-орын иеленген едім. Өз қалаған мамандығым, бағытым басқа бола тұра, мен әлі осы қазақ тілі пәнінен қатысып жүрмін. Өйткені, қызығушылығым мол, – дейді Аида.
Ал, 10-сынып оқушысы Бекет Айбар биыл білім бәйгесі алаңында бірінші рет сынға түсті. Ол додада ең бастысы жақсы дайындық қажеттігін атап өтті.
– Менің ойымша, желілік олимпиада өз деңгейінде өтті. Осы жолы алғаш рет қатыстым. Қобалжулар болды, бірақ, жақсы дайындықтың арқасында олимпиаданы жақсы жаздым деген ойдамын. Олимпиада сұрақтары негізінен біз өткен тақырыптар бойынша құрастырылған, – дейді жас тарихшы.
Айта кету керек, Атыраудағы NIS-тен желілік білім бәйгесіне 40 оқушы қатысып оның 12-ы жүлделі орындарға ие болды. Барлық жеңімпаздарды мектеп ұжымы білім бәйгесіндегі кезекті жеңістерімен құттықтайды!