Атырау облысының Құрманғазы ауданы, Сафон ауылдық округіндегі Қадыр Мырза Әлі мектебі оқушыларының креавтивті ойлау және цифрлық құралдарды пайдалану дағдыларын арттыруға арналған екі күндік тәжірибе алмасу алаңы аяқталды.

Оқушылар және олардың жетекшісі мектептегі медиа студияда шығармашылық ортаны қалыптастыру, фото және видео түсірілім негіздерін меңгеру, бейнетаспаны монтаждау, жарық және дыбыспен жұмыс істеу бойынша практикалық жұмыстарды орындады. 70 пайыз практика, 30 пайыз теория негізінде балалар топқа бөлініп өңірдегі NIS медиа студиясының жетекшісінен білімін толықтырды.
 
Тірек мектептің оқушылары Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары арасында буллинг (әлімжеттікті алдын-алу) тақырыбында сауалнама жүргізсе, кейін NIS-тің дәстүрлі жобасына айналған "Ұрпақтар сабақтастығының" кезекті кездесуін таспалады.