Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Альмухаметов әлемнің ең үздік 50 университеті қатарына кіретін 5 жоғары оқу орнына оқуға түсті.

Атап айтсақ, The Ivy League (Лига плюща), яғни, АҚШ-тың ең мықты 8 университетінің ассоциациясы құрамына кіретін Columbia University, Америкадағы University of California Berkeley және Georgia Institute of Technology, Кореядағы Korean Advanced Institute Science and Technology, Канададағы University of Toronto университеттерінің Computer Science мамандығына оқуға қабылданды.

– Мен осыдан 6 жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма өте қуаныштымын. Өзіме осы жылдар бойы қолдау білдіріп, білім берген барша ұстаздарға, кураторыма, жалпы, мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін, – дейді Асқар. 

Айта кетейік, Асқар халықаралық Apple компаниясының WWDC20 Swift Student Challenge атты байқауында жеңімпаз атанып, еліміздеің IT компанияларында қызмет етіп те үлгерген болатын. Білімді, зерек оқушыны мектеп ұжымы үлкен жетістігімен құттықтайды.