Атыраудағы NIS-те бүгін 6 жыл бойы білім алған 66 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Олардың 4-еуі «Алтын белгі» иегері болса, 8 түлек «Оқу үздіктерті».
 
Мектеп директоры Ерали Бижанов биылғы түлектер арасында әлемнің алпауыт мемлекеттерінде тегін білім алуға ие болғандары да бар екендігін атап өтті. Анығында, 29 түлек АҚШ, Канада, Италия, Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Чехия, Түркия, Эстония елдерінде білім алуға мүмкіндік алды.
 
Ал, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау униеврситетінің ректоры, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Саламат Идрисов, NIS түлектері Абай Лоран мен Қуаныш Жалғасбаев, ата-ана Ахат Ниматовтар қадірлі қонақ ретінде мектеп төрінен табылып, ыстық лебіздерін жолдады.
Әуелете шырқалған әндер мен домбырашылар ансамблі орындауындағы күмбірлі күй көпшілік көңілінен шықты. Іле-шала мектеп түлектері де жүрекжарды лебіздерін арнап, соңғы рет мектеп вальсін биледі.

Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келген шарада «Talento» балабақшасының бүлдірішіндері де өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша тарих пәнінің ұстаз Айнагүл Арыстанбаева «Жыл мұғалімі», «Махамбет» шаңырағы «Ең үздік шаңырақ» номинацияларымен марапатталса, оқушы Расул Джолшмбеков «Жыл оқушысы» аталымына лайық деп танылды.