Зияткерлік мектептердің ерекшелігі адамдардың өмірі мен қауіпсіздігінің жоғары нормаларына жауап беретін 132 орындық заманауи, жайлы жатақханалардың болуы. Жатақхана бөлмесі 4 оқушыға арналған төсек орны және жуынатын бөлмеден тұрады.
Оқушылардың өзін-өзі басқару органы болып табылатын Оқушылар кеңесі жұмыс істейді. Тоқсан сайын өткізілетін тәрбиешілер кеңесінде «Оқушының дауысы» айдарымен оқушылардың ұсыныстары/сауалдары тыңдалады.
"НЗМ" ДББҰ басқармасының 2020 жылғы «11» маусымдағы шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (№ 23 хаттама) және ДББҰ басқармасының 2021 жылғы 6 тамыздағы шешіміне сәйкес енгізілген өзгерістерге сәйкес (№ 40 хаттама) жатақханалар мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) оқушылардың жатақханада тұруының жайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) білім алу, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, рухани және дене қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасайды;
3) оқушының толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен тиімді өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастырады.