Жұмыс уақыты:09:00-12:00 / 14:00-17:00

Мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қ. Нұрсая ы/а-ы, Елорда даңғылы 22

Мектеп миссиясы

Тез өзгермелі заман талабына сай дарынды оқушылардың зияткерлікәлеуетін дамыту және жүзеге асыру

Пайымдау

Біз тұлға бойына дайын, жүйелі білімнің мол көлемін сіңіре отырып болашақ қызметіне дайындауға ғана емес, сонымен қатар қабылдаған білімді меңгере отырып жаңа білімді қалыптастыратын тұлғаны дамытуға талпынамыз.

Мектептің ұраны

Барлығы да табысты болатын мектеп!

Жаһандық азаматтық

Бұл жаһандық және өңірлік дәрежедегі әртүрлі проблемалар мен өзгерістерді сыни тұрғыдан бағамдай білу. Өзгелердің қайғы-мұңына ортақтасу, адамгершілік тұрғыда көңіл білдіру арқылы оларға құрмерт көрсету, азаматтық сыйластық таныту. Өзіңнің әрекеттерің үшін терең жауапкершілікті сезіну, қоршаған ортаға және қоғамға төнген қауіп-қатерге бей-жай қарамау. Белсенді азаматтық ұстанымы болу және тұрақтылықты сақтауда өлшеусіз үлес қосу.

Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет:

әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.


Ынтымақтастық:

өзінежағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.


Жауапты азаматтық позиция:

өзінепатриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.


Академиялық әділдік:

академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.


Өмір бойы білім алу:

білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.
Ашықтық: өзіне Зияткерлік мектептің даму жоспарлары, оқытудан күтілетін нәтижелер мен бағалау рәсімдері сияқты ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды. Бір-бірінің сабақтарына қатысу (сынайтын достар), сұхбат, сауалнама жүргізу.

Жылдық есептер

Зияткерлік мектептер ашықтық пен ақпараттық қолжетімділік саясатын ұстанады. Жыл сайын мектеп әкімшілігі әрбір академиялық жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

 Толығырақ

Директордың алғы сөзі

Бұл мектеп 2013 жылдың 11 қыркүйегінде еліміздегі Зияткерлік мектептер желісіне 15-ші мектеп болып қосылды.

Қазір біздің құрамда өңіріміздің ең мықты деген мұғалімдері іріктеуден өтіп, жұмыла қызмет етуде. Оқу орынында 130-дан астам қазақстандық мұғалім қызмет етсе, әлемнің жетекші мемлекеттерінен келген 5 халықаралық мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісу үстінде. Олар Филиппин, Колумбия және Оңтүстік Африка мемлекетінен келген педагогтар.

Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстың өзге мектептерін өз деңгейіне жетелейтін аймақтағы білім берудің инновациялық нысаны. Зияткер шәкірттерді тәрбиелеп отырған алтын ұя тек оқушылардың емес, мұғалімдердің де кәсіби шыңдалу алаңына айналды. Мұнда жалпы білім беретін оқу орындарының ұстаздарына тәжірибе тарату мақсатында ұдайы әдістемелік қолдау көрсетіліп келеді. Мектептің өз Қамқоршылық кеңесі, оқушылар кеңесі, ата-аналар комитеті жүйелі қызмет етуде. Барлық игілікті ісіміз, әлбетте, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен жүзеге асады.

Біздің мектеп - барлық оқушылар табысты болатын мектеп!

Біз сіздің балаларыңызды мектеп қабырғасында күтеміз!

Құрметпен, Атырау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Құралай Ахмадиева

Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

2021-2022 оқу жылындағы сандық деректер

0

Оқушылар саны

0

Түлектер саны

0

Мектеп қызметкерлері

0

Үздік SAT нәтижесі

0

IELTS-тан ең жоғары бал

0

Шетелдік университеттерге түскендер

0

Грант иеленушілер

0

ТОП университетке түскендер

Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары

Тұлға. Табыс. Мінез

Зияткерлік мектептің серіктестері