Жұмыс уақыты:09:00-12:00 / 14:00-17:00

Мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қ. Нұрсая ы/а-ы, Елорда даңғылы 22

Сенім жәшігі: doverie@atr.nis.edu.kz

Мектеп миссиясы

Тез өзгермелі заман талабына сай дарынды оқушылардың зияткерлікәлеуетін дамыту және жүзеге асыру

Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Ынтымақтастық: өзінежағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Жауапты азаматтық позиция: өзінепатриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Академиялық әділдік: академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Өмір бойы білім алу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Ашықтық: өзіне Зияткерлік мектептің даму жоспарлары, оқытудан күтілетін нәтижелер мен бағалау рәсімдері сияқты ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды. Бір-бірінің сабақтарына қатысу (сынайтын достар), сұхбат, сауалнама жүргізу.

Әл-ауқат: өмірде бақыт табу және өзін-өзі кәсіби анықтау мәнін табу үшін өз мүдделерін, сенімдері мен құндылықтарын ұстану қабілеті. 

Еңбекқорлық пен шығармашылық: инновациялық ойлау мен ақыл-ойдың икемділігін қолдана отырып саналы, адал, ынталы және ерекше құнды идеялар немесе объектілер құруды мақсатты түрде қабілетті жұмыс істеуін қамтиды.

Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер: отбасының рөлі мен маңыздылығын, дәстүрлі түрде отбасында сақталатын және берілетін моральдық-этикалық принциптерді түсінуді қалыптастырады.

Жаһандық азаматтық

Бұл жаһандық және өңірлік дәрежедегі әртүрлі проблемалар мен өзгерістерді сыни тұрғыдан бағамдай білу. Өзгелердің қайғы-мұңына ортақтасу, адамгершілік тұрғыда көңіл білдіру арқылы оларға құрмерт көрсету, азаматтық сыйластық таныту. Өзіңнің әрекеттерің үшін терең жауапкершілікті сезіну, қоршаған ортаға және қоғамға төнген қауіп-қатерге бей-жай қарамау. Белсенді азаматтық ұстанымы болу және тұрақтылықты сақтауда өлшеусіз үлес қосу.

Пайымдау

Біз тұлға бойына дайын, жүйелі білімнің мол көлемін сіңіре отырып болашақ қызметіне дайындауға ғана емес, сонымен қатар қабылдаған білімді меңгере отырып жаңа білімді қалыптастыратын тұлғаны дамытуға талпынамыз.

Жоғары сапалы оқыту

- оқушылардың терең академиялық білім алуын, өзін-өзі оқыту, оқу жетістіктерін өзін-өзі бағалау және қоғамның белсенді мүшесі әрі әлем азаматын қалыптастыруды қамтамасыз ететін қолжетімді де сапалы оқыту үдерісіне негізделген қолайлы білім беру ортасы. 

Жылдық есептер

Зияткерлік мектептер ашықтық пен ақпараттық қолжетімділік саясатын ұстанады. Жыл сайын мектеп әкімшілігі әрбір академиялық жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

 Толығырақ

Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

2022-2023 оқу жылындағы сандық деректер

0

Оқушылар саны

0

Түлектер саны

0

Мектеп қызметкерлері

0

Үздік SAT нәтижесі

0

IELTS-тан ең жоғары бал

0

Шетелдік университеттерге түскендер

0

Грант иеленушілер

0

ТОП университетке түскендер

Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары

Тұлға. Табыс. Мінез

Зияткерлік мектептің серіктестері